Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында көтерілген мәселелер — елдің даму бағытын айқындайтын өте өзекті тақырыптар.
Мемлекет басшысының «мемлекеттің үлесі бар ұйымдар саны 25 мыңға жуық» деген сөзі, шын мәнінде, бүгінгі мемлекеттік басқарудағы шынайы проблеманың бетін ашып берді. Бір қарағанда, бұл ұйымдардың көп болуы елдің экономикасын жан-жақты қамтып, жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндей көрінуі мүмкін. Алайда Президент айтқандай, сол ұйымдардың едәуір бөлігінің қызметі де, құрылымы да қисынға келмейді. Коммерциялық емес міндетті атқара отырып, коммерциялық әдіс-тәсілдерді қолдану — басқарудағы түсініксіз әрі тиімсіз практика. Мұндай жүйе нақты нәтижеге емес, құжат толтыру мен артық құрылымдарды көбейтуді ғана талап етеді. Корпоративтік органдардың шамадан тыс көбеюі, шығындардың артуы және бақылаудың әлсіздігі — экономиканың дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі. Президенттің бұл мәселені ашық айтып, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсыруы — маңызды әрі дер кезінде жасалған қадам. Қажет болған жағдайда арнайы Жарлық шығаруға дайын екенін білдіруі де реформаның салмақты болатынын көрсетеді.
Шоқан Ізбасарұлы, Құлсары қаласы тұрғыны



