Жылыой ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5 ақпанда аудандық Жастар орталығының ғимаратында «Мемлекеттік реформалар: жастар көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аудан жастары, жастар ұйымдарының өкілдері және белсенді жастар қатысты. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік реформаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жастар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, мемлекеттік реформаларға деген көзқарасын қалыптастыру және қоғамдағы белсенді ұстанымын нығайту болды. Қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, ел дамуына қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Кездесу соңында жастар тарапынан айтылған ұсыныстардың маңыздылығы атап өтіліп, мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.



