Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата Заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.
Жас Мемлекеттің іргетасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс - мемлекетік қызметшілерге жүктелді. Қай мемлекеттік қызмет болса да, ол мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган саналады. Сондықтан, сол саланың кәсіби білікті кадрлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қою жеткіліксіз. Оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығы арта түседі.
Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық, әдептілік бейне, адамгершілік әрбірмемлекеттік қызметшінің бойынан табылып,үйлесім тапқан жағдайда ғана мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» қалыптасып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол ашылар еді.
Осы тұста, әрбір мемлекеттік қызметші «Өзің де жан - өзгені
де жандыр» деген ұлы қағиданы ұстанып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтап, өзінің қызметінежауапкершілікпен қараса, қоғам тарапынан мемлекеттік қызметке деген сенім мен жағымды көзқарастың қалыптасуына негіз болатыны сөзсіз.
Д. Китенбаева,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі