Мемлекеттік қызметші нені білуі міндетті?

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиетіне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қабылданған еді.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау – әр мемлекеттік қызметшінің қызметтік борышы.    Оның қызметтік әдебі - адал ниеттілікке, адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа, сыпайылыққа және клиентке бағдарлануға, яғни шынайы көзқараспен, шыншыл шешім қабылдап, әуре-сарсаңға салуға жол бермеу қағидатына  негізделген.

Сонымен қатар, Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын негізгі талаптар, қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік қарым-қатынастағы, көпшілік алдында сөйлеу,соның ішінде БАҚ-та сөйлеуіне байланысты мінез-құлық стандарттары айқындалған. Осы тұста, мемлекеттік қызметкердің іскерлік киім үлгісі, сыртқы келбеті, мінез-құлқы, адамдармен қарым-қатынаста сөйлеу мәнері мен қасиеттерінің барлығы мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтірмей, сәйкесінше, қоғам тарапынан сын тудырмауы шарт.  

Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы қажеттігін әрдайым есте ұстауы қажет.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT