Мемлекеттік қызмет – өмір сапасы

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету – үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол – қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылық және қаржылық емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асыратын өмір сапасы.

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қолын жеткiзу. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2) мемлекеттік корпорация арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Бүгінгі таңда Құлсары қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:

1.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;

2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

3.Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру. Өткен жылы Құлсары қаласы әкімі аппараты арқылы 292 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсарту, баламалы және электрондық қызметтердің үлесін көтеру мақсатында ХҚКО арқылы және электрондық қызметтердің кең таралуын және пайдаланушыларды арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру жөнінде шаралар қабылданды.

Құлсары қаласы әкімі аппараты тұрғындарға аудан әкімі аппаратына қарасты дербес бөлімдердің мамандарымен бірлесе отырып ХҚКО ғимаратында «Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара» жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін тұрақты өткізіп тұрады. Ондағы негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтерге колжетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру. Құлсары қаласы әкімі аппараты ғимаратында қала әкімшілігі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары туралы ақпараттар жазылған, стендтер жасалған.

Гүлназ Зағыпарова,

Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT