Жастарды және жоғары оқу орындарының бітіруші түлектерін мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Департамент тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Осы бағытта Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнагүл Қақиева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің студенттерімен кездесіп, «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызы, мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департамент жанынан құрылған «Мемлекеттік қызмет мектебінің» жаңа оқу айналымына қабылдау басталғаны хабарланып, жоғары курс студенттері белсенді қатысуға шақырылды.
Кездесу соңында студенттер мемлекеттік қызметке кіру үдерісіне қатысты нақты ақпарат алып, мемлекеттік қызметтің кәсіби және әлеуметтік мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті


