Мемлекет басшысының Жолдауы мен кәсіби мамандардың рөлі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты міндеттер мен стратегиялық басымдықтарды айқындады.

Жолдаудың басты назарында – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау, сонымен қатар әрбір азаматтың еңбегін бағалау мәселесі тұр. Бұл бағыттар қоғамдағы еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті насихаттауға ерекше мән береді.

Жолдаудағы «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы – қарапайым еңбек адамдарының еңбегін дәріптеудің нақты көрінісі. Қазіргі таңда елімізде әртүрлі саланы дамыту үшін білікті кадрлар қажет. Сол себепті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, жастарды кәсіптік мамандыққа ынталандыру – еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды жолдарының бірі.

Бұл бастама жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған нақты қадам болып отыр.

"Анашым" балабақшасының тәрбиешісі

Айым Бағытқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT