Бүгінде лудомания бүкіл қоғамның тыныштығына әсер ететін өткір әлеуметтік проблемаға айналып отыр.
Құмар ойынға тәуелділік отбасылардың ыдырауына, жастардың уақытын, мүмкіндігін және болашағын жоғалтуына себеп болуда. Бұл мәселе әсіресе интернет пен мобильді қосымшалардың кең таралуына байланысты бұрынғыдан да күрделене түсті.
Құмар ойынға әуес жандар көбіне психологиялық қолдауды қажет етеді, алайда көпшілігі мұны мойындауға ұялады немесе тәуелді екенін өзі аңғармайды. Сондықтан лудоманиямен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы оның алдын алу, ақпараттандыру, жастарға қауіпсіз орта қалыптастыру және отбасының рөлін күшейту.
Мемлекет тарапынан жасалған шектеулер мен бақылау шаралары дұрыс бағыт. Дегенмен қоғам болып әрекет етпейінше, бұл індеттің алдын алу қиын.Әр азамат, әр ата-ана, әр білім беру ұйымы балалар мен жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа, уақытты тиімді басқаруға, эмоциялық тұрақтылыққа үйретуге атсалысуы қажет.
Лудомания таңдау еркіндігін тартып алатын, өмірді басқаруға мүмкіндік бермейтін тәуелділік. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарамай, оның зиянын ашық айтып, ортақ күшпен күресу қоғамның ортақ міндеті.
Аудан тұрғыны: Жангүл Тұрар


