Лудомания – қоғамды алаңдатқан өзекті мәселе

Қазіргі таңда лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік, қоғам үшін аса қауіпті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл дерт адамның психологиялық жағдайына ғана емес, оның отбасы мен айналасына, жалпы әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсер етеді.

Құмар ойындарға әуестік көбіне қаржылық қиындықтарға, қарыздың көбеюіне, отбасындағы жанжалдар мен ажырасуларға, жұмыссыздыққа және түрлі құқықбұзушылықтарға себеп болуда. Әсіресе жастар мен еңбекке қабілетті азаматтардың бұл тәуелділікке бой алдыруы қоғамды алаңдатып отыр.

Лудоманиямен күрес кешенді тәсілді талап етеді. Алдын алу шараларын күшейту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, тәуелді азаматтарға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар, құмар ойындарды насихаттауға, заңсыз онлайн платформаларға және бақылаусыз букмекерлік қызметке шектеу қою қажет.

Бұл мәселені тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғам болып бірігіп шешу маңызды. Отбасы, білім беру мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғам өкілдері бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана лудоманияның алдын алуға және оның қоғамға тигізетін зиянын азайтуға болады.

Лариса Бекенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT