Ұлттық өнімді қолдау – экономикалық қауіпсіздік кепілі

Президент Жолдауында көтерілген «ішкі нарықты импортқа тәуелділіктен арылту» мәселесі бүгінде ел экономикасының тұрақты дамуы үшін маңызды басымдықтардың біріне айналды.

Қазіргі таңда сауда орындарындағы тауарлардың басым бөлігі шетелден әкелінетін өнімдер екені жасырын емес. Ал табиғи, сапалы әрі дәстүрлі отандық азық-түлік түрлерінің үлесі әлі де жеткіліксіз. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігін айқындай түседі.

Ұлттық өнімді тұтыну – жергілікті өндірушілер мен фермерлерге қолдау көрсетумен қатар, ішкі нарықтағы бағаның тұрақтануына, отандық өндірістің өркендеуіне және елдің экономикалық қауіпсіздігінің нығаюына оң әсер етеді.

Өз өнімімізді дамыту арқылы біз сапалы азық-түлікке қол жеткізіп қана қоймай, халық үшін тиімді баға қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.

Ердаулет Мейіржан, агросектор сарапшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT