Президент Жолдауында көтерілген «Ішкі нарықты импортқа тәуелділіктен арылту» мәселесі бүгінгі күні елдің экономикалық тұрақтылығы үшін аса маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
Қазір дүкендердегі тауар қатарын қарасаңыз, шетелдік өнімдердің басымдығы бірден байқалады. Ал өзіміздің табиғи, сапалы, дәстүрлі тағамдарымыздың үлесі әлі де төмен. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы өндірісін күшейту қажеттігін және азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етудің өзекті екенін көрсетеді.
Ұлттық өнімді тұтыну — тек жергілікті фермерді қолдау емес, сонымен қатар ішкі нарықтағы бағаның тұрақтануына, отандық өндірістің дамуына және экономикалық қауіпсіздіктің нығаюына тікелей ықпал етеді.
Өз өнімімізді өркендетсек, сапалы азық-түлікке де, тиімді бағаларға да қол жеткіземіз.
Ерболат Жанәбілов, агросектор бойынша сарапшы



