Ұлттық мүддені көздеді

Тоқсан толғаулы тарам-тарам тарихқа көз тастасақ, Тәуке хан Күлтөбеде үш жүздің басын қосып, күллі қазақ қатынасқан құрылтай өткізеді. Соңғы жылдары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бастамасымен жыл сайын Ұлттық құрылтай өткізіліп жүр. Өткен жылы Атырауға тұрақтаған көш биыл Бурабайға табан тіреді. Көкше жеріндегі келелі кеңесте көп мәселе көтерілді.

БІРЛІККЕ БАСТАҒАН БІР УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Амал мерекесі – 14 наурызда өткен ұлы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ел ағалары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты. Ал, 13 наурызда Ұлттық құрылтайдың алғашқы күні жиынға келгендер «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық даму» секцияларына қатысып, осы салалардағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Келесі күні болған негізгі басқосуда бірқатар проблемалар көтеріліп, Президент Қ.Тоқаевтың өзі сөз бастап, көкейдегіні қозғады. Бірінші айтулы мерекемен құттықтаған Мемлекет басшысы экономика, ғылым, спорт, мәдениет, инфрақұрылым, бизнес және т.б. сол сияқты мәселелерді көтерді. Қоғамда шу болған уақыт белдеуінің де нүктесін қойды. Өткен жылы бастамашыл топтардың үндеуімен және арнайы зерттеулердің нәтижесінде алып территориялы Қазақстанды бір уақыт белдеуіне ауыстырған-ды. Бұл мәселе қоғамда біраз резонанс тудырды. Әсіресе, шығыс, солтүстік аймақтардағы тұрғындардың наразылығы байқалды. Дегенмен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қоғаммен кері байланысқа шыққан Үкімет қайта зерттеу жұмыстарын жүргізетінін жеткізген еді. Жақында ғана нәтижелерін жалпы жұртшылыққа ұсынып, мемлекетіміз бір уақыт белдеуінде қалатындығын баса айтты. Ел Президенті де тиісті мамандардың зерттеуіне сүйене отырып, бұл мәселенің соңғы нүктесін қою керектігін алға тартты.

Алмагүл Әбуова, 

мұғалім

Жылыой ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT