Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов жергілікті тұрғындармен жиі кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдап, соған сәйкес шараларды жүзеге асыруды жауапты мекемелерге жүктеуде.
Тұрғындар кездесуде қалаішілік автобустардың белгіленген жүру бағыттарына қатысты ұсыныстарын айтқан еді. Халық ең көп баратын орталық базар маңынан жәрмеңке өтетін павильонға дейін арнайы бағыт ашылса деген тілектерін жеткізген болатын. Аудан әкімі осы айтылған өтініш бойынша құзырлы орындарға тапсырма берді. "БатысТехИнвест" ЖШС автобус паркі әрбір сенбі сайын жәрмеңке өтетін күні Орталық базар мен жәрмеңке аралығында жаңа бағыт ашылғанын хабарлады.
Енді әр 30 минут сайын аталған сауда орындары арасына қоғамдық көлік қатынамақ.
Өз тілшіміз