Құлсарыда ойын алаңдары саны көбеюде

Өткен сенбі күні Құлсары қаласында бес бірдей алаң ашылып, бес жүзге жуық баланың игілігіне берілді. Алаңдар Қоғамдық кеңістіктер жобасы аясында салынды.

20 тамызда Жылыой ауданының жергілікті тұрғындары күш біріктіріп Құлсары қаласында үш ойын және екі спорт алаңын салды.
7-ауыл 167 көшесінде, 5 ауыл Ғабдуллин көшелерінде «Балапан» және «Бала-біздің болашағымыз!» деп аталатын ойын алаңдары ашылды. «Жадырасын» және «Береке» ықшам аудандарында жастардың салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік сыйлаған: «Ашық аспан астындағы жаттығу алаңы» және «Гүлдей бер Жадырасын» деп аталатын жаттығу алаңдары халық игілігіне берілді.

«Балаларға қуаныш сыйлау- мен үшін үлкен бақыт! Біздің «ПНГС» шағын ықшам ауданымызда 2000-2005 жылдары салынған ойын алаңы тозығы жетіп, мүлде жарамсыз, қауіпті күйде болатын. Темірлері қисайып сынғандықтан бірнеше баланың жарақат алуына себепші болып, көше тұрғындарының арасында өзекті мәселенің бірі болды.

c59fb88e-eaa3-49cd-ba33-0541bd3e281d

«Кел, ойнайық!» атты шағын жобаны «Qoǵamdyq keńistikter» әлеуметтік жобасы аясында, ескі ойын алаңын заманауи тұрғыда қайта жаңартып, көркейтілді. Балалардың жүздеріне күлкі сыйлау, олардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, емін еркін ыңғайлы әрі жайлы алаңда ойын ойнауына жағдай жасау мүмкіндігі пайда болды. Көшемізде баланың қарасы көп, шамамен 200 ден асады. Бүгінгі таңда бәрі осы аулада ойнайды Жадыраған жаз мезгілінде балалардың ойын алаңы балапандардың күміс күлкісімен жайнап тұрғанға не жетсін?» Машенова Мөлдір «Кел, ойнайық», балалар ойын алаңының жетекшісі

Алаңдар мен басқа да қоғамдық кеңістіктерді жақсарту – оңай емес, бірақ қызықты міндет. Оған ауылымыздың еңбекқор белсенді тұрғындары белсенді түрде тартылады. Қазақстандағы балалар жылына тұспа-тұс өткізіліп жатқан мұндай бастама болашақта гүлденген және табысты елдің кепілі болатын кішкентай азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше назар аударылатынын атап өту маңызды.
Жаңа балалар алаңдарын салу әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында "Теңізшевройл" ЖШС қаржылық қолдауымен, Орталық Азияның Еуразия қорының бастамасымен құрылған "Qogamdyq Kenistikter" жобасының арқасында мүмкін болды. Биыл Атырау облысы Жылыой ауданында 29 бастамашыл топ грантқа ие болды, олар әкімдікке балалар және спорт алаңдарын, шағын футбол алаңдарын және демалуға арналған басқа да қоғамдық орындарды салу үшін көмек сұрап барған қатысушылар болды.

69e4437b-3294-41f5-b060-fe1c899e863e
"Біздің аулаларымыздың қалай өзгергеніне, жаңа алаңдардың пайда болғанына, балалар мен ересектер үшін әдемі және қауіпсіз демалыс орындарының құрылғанына куә болғаныма қуаныштымын. Мұның бәрі қаламыздың немқұрайлы емес тұрғындарының арқасында болып жатыр. ТШО, өз кезегінде, осы міндетке қол жеткізу үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды. Осылайша, биылғы жылы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында өзінің тиімділігін дәлелдеген "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы Атырау қаласында да іске асырылуда
"Қоғамдық кеңістіктер" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында біз қолдап отырған жалғыз жоба емес. Біздің серіктестеріміз - үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Денсаулық сақтау, білім беру, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру саласында, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жобаларды іске асырамыз. 2010 жылдан бастап ТШО өзінің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 94 жобаны жүзеге асырды. Биылғы жылы бағдарлама бюджеті 2,3 млн АҚШ долларын құрады, бұл қаражатқа Атырау облысы мен Жылыой ауданында 14 жоба іске асырылуда", - деді ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Дәрмен Аронов.

Ақпарат жаңартылып толықтырылатынын хабарлаймыз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT