Қала әкімі тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне де тоқталып өтті. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 2124 адам тұрғандығын айтты.
-«Атырау» ықшамауданында бес қатарлы 1,2,3,4-ші тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айының басында аяқталып, тапсыру көзделуде. Сондай-ақ, «Атырау» ықшамауданында үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы Атырау облысы Құрылыс бөлімінің тапсырысымен жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда,- деді қала әкімі Е.Ысмағұл өз баяндамасында.
Фото ашық дерекөздерден алынды