Әлеуметтік порталдың тиімділігі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Ол мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді.Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алады. Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді.

Бұл - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының қызметтері мен жеке көмекшінің қызметін және санаторийкурорттық емдеу қызметтерін көрсету. Порталға енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек алуды, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысушының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын https://aleumet.egov.kz/ru/support сілтеме арқылы алуға болады. Қызмет алушылар порталды өз бетінше кент әкімі аппараты ғимаратында орналасқан “Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы” арқылы немесе Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Ербол ШЫМЫРБАЙ,

Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT