Әлеуметтік қызметтерге арналған бірыңғай тарифтер бекітіледі

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында Индер, Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерінің орынбасарлары мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, инватакси қызметімен қамту және олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар бойынша селекторлық режимде баяндама жасады.

Кеңесте қаралған өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік қызметтерге бірыңғай тариф енгізу. Бұл қадам көрсетілетін қызметтердің құнын нақтылау, қолжетімділігін арттыру және сапасын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

– Облыстық деңгейдегі бес мекеменің тарифін бекіту жұмыстары жүргізілуде. Ал аудандардағы тарифтерді жергілікті әкімдіктер өздері бекітеді. Сондықтан Атырау қаласы және әр аудан шығындарды нақтыланып, белгіленген мерзімге дейін тарифті бекітуі қажет, – деді Жасұлан Бисембиев.

Кеңес соңында облыс әкімінің орынбасары мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT