ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданды

Егер бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келген болса, жаңа редакцияда бұл олқылықтар жойылып, мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылып отыр.

Тағы да бір ерекшелік – мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабы қойылады.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілер өздерінің өкілеттіктеріне жатпаса да, қоғаммен байланыс кезінде қандай да бір шараларды атқару бойынша құқыққа сыйымсыз уәде берулері мүмкін. Бұл ретте, аталған шаралар оның өкілеттіктеріне жатпағандықтан шараларды атқара алмай, уәдесінде тұра алмау ықтималы бар.

Аталған жағдай, қоғам тарапынан мемлекеттік қызметтің имиджіне деген негізді сын туындауына, мемлекеттік қызметке деген сенімнің төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер тарапынан негізсіз уәделер берілмеу мақсатында жаңа редакцияға осы тармақ енгізілген.

Мұнымен қатар, жаңа Кодексте Агенттік пен оның аумақтық органдары, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалып отыр. Осыған байланысты, алдағы уақытта Әдеп жөніндегі уәкілдердің, Комиссиялар мен кеңестердің әдеп бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша жұмыстары жандандырылатын болады.

Жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген.
Олар – адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілерге мұндай талаптар бұрынғы кодексте де қойылған. Бірақ, Кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдылық берілген. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT