Қоғамның әрбір мүшесіне тең мүмкіндік жасау – өркениетті елдің басты белгісі. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру – тек мемлекетке емес, әрбір мекеме иесіне жүктелген маңызды міндет.
Бірақ жыл сайын қайта-қайта айтылып, ескертіліп келе жатқанына қарамастан, аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарда бұл бағыттағы жұмыстар әлі де назардан тыс қалып отыр. Бөлім мамандары бірнеше мәрте зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті түсіндірме шараларын өткізіп, мекемелерге нақты ұсыныстар жазылған хаттар таратты. Өкінішке қарай, сонда да көптеген нысан иелері немқұрайлылық танытып, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуге асығар емес. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – біздің қоғамымыздың бір бөлігі. Олар да мемлекеттік, әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз пайдалануға құқылы. Арбамен жүретін жанға пандус керек, есту немесе көру қабілеті нашар адамдарға арнайы белгілер мен ақпараттық тақтайшалар қажет. Бұл талаптар заңмен бекітілген және орындалуға тиіс.
Әрбір мекеме, әрбір ғимарат иесі осы талаптарға сай болуға, адамгершілік тұрғыдан да, заң алдында да жауапты. Қолжетімді орта қалыптастыру – жай ғана қосымша жұмыс емес, бұл – тең мүмкіндіктер қоғамын құру жолындағы басты қадамның бірі.
Иә, уақыт оздырмай, әрбір мекеме басшысы өзіне тиесілі ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайды жасауға кірісуі тиіс. Бұл – жауапкершілік, бұл – адамдық парыз.
Мүгедек жандар ұмыт қалмайды
Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен мүгедектерге көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мүмкіндігі шектеулі жандардан барлығы 1922 өтініш түскен.
Олар, негізінен:
1) «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 35 өтініш түссе, оның 7 –еуі «электронды үкімет» egov, 3-і проактив, 24-і мемлекеттік корпорация арқылы және мемлекеттік органнан 1өтініш келді;
2) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 22 өтініш түскен, оның барлығы да мемлекеттік корпорация арқылы жолданды;
3) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» -132 түссе, оның 9-ы «электронды үкімет» egov, 115-і мемлекеттік корпорация және 8-і бөлім арқылы жіберілді;
4) «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»-967 өтініш түскен, оның 51-і «электронды үкімет» egov, 665-і проактив, 250-і мемлекеттік корпорация және 1-і бөлім арқылы келді;
5)«Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 206 өтініш түссе, оның 37-сі «электронды үкімет» egov, 19-ы проактив, 141-і мемлекеттік корпорация және 9-ы бөлім арқылы жолданды; 6)«Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» 282 өтініш түскен болса, оның 87-сі «электронды үкімет» egov, 69-ы проактив, 119-ы мемлекеттік корпорация және 7-і бөлім арқылы жіберілді;
7) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 125 өтініш түссе, оның 3-і «электронды үкімет» egov, 109-ы проактив , 10-ы мемлекеттік корпорация және бөлім арқылы 3 өтініш жазылды;
8) «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» - 31 өтініш түскен, оның 1-і «электронды үкімет» egov, 30-ы проактив арқылы келді;
9) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» 7-өтініш «электронды үкімет» egov арқылы жолданды;
10) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» қызметі бойынша - 101 өтініш бөлім арқылы жіберілді;
11) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері 14 өтініштің барлығы электронды түрде жолданды.
Бөлім қызметкерлері тарапынан мүгедектігі бар жандар үшін түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ, бөлімнің әлеуметтік желісіне 26 хабарлама, бөлім мен мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен - 11 «дөңгелек үстел», 4 рет бөлім қызметкерлерімен «Ашық есік» күні, мүгедектігі бар жандармен 7 рет кездесу өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 4 мақала жарияланды.
Әлеуметтік қызметтер порталы да қызмет көрсетеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тұрғындар өз бетімен мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жасақталған. Осы бұрыш арқылы - 930 мүгедектігі бар жан қызмет алса, оларға бөлімнен бір қызметкер арнайы бөлінген.
Мүмкіндігі шектеулі жандар «Әлеуметтік қызметтер Порталы» арқылы өз өтініштері негізінде электронды цифрлық қолтаңбамен тапсырыс береді. Атап айтсақ, биылғы жылдың II тоқсан қорытындысымен осы портал арқылы 1000-ға жуық мүгедектігі бар адам техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді.
Оның ішінде:
-протездік-ортопедиялық көмекке - 273 өтініш түсіп, 186-і қамтылған;
-техникалық көмекші құралдарына - 464 өтініш түсіп, 414-і алған;
-кресло-арбаға -31 өтініш түсіп, 28-і орындалған;
-санаторийлік-курорттық емдеу көмегіне - 976 өтініш түссе, 327-ы барып ем алып келген;
-ымдау тілі маманының қызметіне -31 өтініштері түсіп, толық қамтылған;
-жеке көмекші қызметіне 125 өтініш түсіп, қамтылды;
-медициналық-оңалту қызметі бойынша 132 өтініш түсіп, 50-і орындалған.
Сонымен қатар кейбір мүгедектігі бар жандар өздері үйлерінен немесе Мемлекеттік корпорация және кент, ауылдық округ тұрғындары өздерінің әкімі аппаратындағы «Өз-өзіне қамту бұрыштары» арқылы қызмет түрлерін алып жатыр. Жалпы бүгінгі күнге аудан бойынша 2893 мүгедектігі бар жан тіркелсе, оның ішінде I топ - 251, II топ -1098, III топ - 1022 және бала жастан 522 мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Ләззат Досжанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы