Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ұйымдастырылған «Өз-өзін қамту бұрышы» мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Бұл бұрыштың негізгі мақсаты – азаматтарға әлеуметтік қолдау тетіктерін түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеуге бағыт-бағдар беру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыру.
2025 жылы аталған бұрыш арқылы 1606 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетілді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға кеңес беру, қызмет түрлеріне өтінім беру, портал арқылы таңдау шаралары бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
«Өз-өзін қамту бұрышы» халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үлкен қолдау болып отыр. Мұнда әрбір өтініш иесіне жеке көзқарас танытылып, мәселесін шешуге нақты көмек көрсетіледі. Бұл – азаматтардың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттырып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Алдағы уақытта да «Өз-өзін қамту бұрышы» өз жұмысын жалғастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді қызмет көрсетуді көздейді.
Л.Досжанова,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бас маманы



