Қоғамға қауіпті кесел

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік орындардың ғана емес, жалпы қоғамның міндеті. Ол әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Бұл кесел – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қазіргі қоғамның ең басты қауіп-қатерінің бірі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы бағытта жыл басынан бері бөлімде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, бөлімнің ұйымдастыруымен Жаңа Қаратон кенті және Қара Арна ауылдық округтерінде «Ашық есік» күндері және «Amanat» партиясының ұйытқы болуымен Жем ауылдық округінде қабылдау өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, халыққа кеңінен түсінік берілді. Мұндай шаралар қалың бұқарамен тікелей байланыс орнатуға, олардың мәселелерін ескеріп, әрі қарай оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Жанар Қазиева,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT