1 мамыр күні қоғамдық көлікке мінген құлсарылықтар автобустың ішін ерекше әуенмен тербеген ұлттықаспаптардың сазды үні мен қазақтың әсем әндеріне куә болды. Бұл күтпеген тосынсый көлікке отырған әрбір жолаушыныңжүрегіне ерекше бір жылулық сыйлады. Сөйтсе, бұл әншілерсырттан келген жоқ, «БатысТехИнвест» жауапкершілігішектеулі серіктестігінің өз өнерпаздары болып шықты.
Ұлттық киім киіп, қоғамдық көліктерге мінген компания өкілдеріқазақтың қоңыр домбырасымен үндескен қоңыр дауысқа салып халықәндерін шырқап, шетелдік танымал туындыларды да ұмытқалдырмады. Осылайша жолаушылардың ыстық ықыласына бөленгенқоғамдық көліктегі концерт көпшіліктің көңілін көтеріп, мерекеліккөтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әншілердің әуезді әніне еліткен кейжолаушылар қосыла шырқап та кетті. Әсіресе, қарттар мен үлкендеререкше әсер алды. Олар шынайы лебіздерін білдіріп, қуаныштарынжасыра алмады.
-Халықтың шынайы ықыласы - біз үшін ең үлкен марапат. Әсіресе, апаларымыздың бата беріп, жылы сөздер айтуы жүрегімізге жылылықұялатты. Бұл бастама тек бір күндік акция емес, адамдардың жүрегінежақсы әсер қалдыратын шынайы қадам. Біз бірлік пен достықтыосындай ерекше сәттер арқылы жеткізгіміз келді. Жолаушылардыңқуанышы біз үшін ең үлкен бақыт, — дейді «БатысТехИнвест» мекемесінің аға диспетчері Жадыра Өтегенова.
Қала көшелерінде еркін жүрген қоғамдық көліктердің ішінде көмекшіқызметкерлер мен жолаушылар бір сәтке болса да, күнделікті өмірдіңкүйбең тірлігін ұмытты. Мейрамды тойлау тек ән айту ғана емес, ыстық дәммен де жалғасын тапты. Балбырап піскен бауырсақтың иісіавтобустың ішін ерекше нәзік, мейірімді атмосфераға бөлеп, әрбіржолаушының көңіл көкжиегін бір кеңейтіп тастады.
Бірліктің, татулық пен ізгіліктің нақты көрінісі іспеттес осындайжүрекке жылы, рухани күш сыйлар шаралар жолаушылардың көңілінкөтеріп қана қоймай, ұлттық рухты, мәдени мұраны дәріптеудің тамашаүлгісіне айналды.
Е.АХМЕТКӘРІМОВ