Қоғамдағы теңдікті қалыптастыратын жүйе

Гендерлік саясат – ер мен әйелдің қоғам өмірінің барлық саласына тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Ол қоғамның басты қағидаттарының бірі болып саналады және әлеуметтік әділеттілікті, тұрақты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі жаһандану жағдайында гендерлік теңдік әлеуметтік және экономикалық дамудың маңызды көрсеткішіне айналды. Гендерлік саясат тиімді жүзеге асқан қоғамда еңбек өнімділігі артып, басқару сапасы жақсарады. Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуы елдің дамуына оң ықпал етеді, ал ерлердің отбасылық және әлеуметтік жауапкершілігінің артуы қоғамдағы үйлесімділікті күшейтеді.

 Қазақстан Республикасында гендерлік саясат мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып келеді. Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары заңнамалық тұрғыда бекітілген. Әйелдердің мемлекеттік қызметке, кәсіпкерлікке және басқару салаларына араласуын арттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар қабылданған. Бұл шаралар қоғамдағы гендерлік теңдікті нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Гендерлік саясаттың тиімділігі оны барша қоғамның дұрыс түсінуі мен қабылдауына, қолдауына тікелей байланысты. Гендерлік саясат – әділетті, тұрақты және дамыған қоғам құрудың маңызды негізі. Ол тек әйелдердің құқықтарын қорғаумен шектелмей, ерлер мен әйелдердің өзара тең серіктестігін қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан гендерлік саясатты дамыту мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті болып табылады. 

Альфия Мухамединова,

аудандық сот әкімшісінің аға сот приставы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT