Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістердің бірі: Салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды.
Жаңа Салық кодексі шеңберінде қолданыстағы 39 салық есептілігінен 12 салық есептілігі (30%) жойылады. (101.01 (автоматтандыру), 180.00 (100.00-де қосымша болады), 240.00 (270.00-де қосымша), 421.00 (400.00-де қосымша), 540.00 (100.00-де қосымша), 560.00 (590.00-де қосымша), 570.00 (590.00-де қосымша), 701.00, 871.00 (СЕН-нен шығарылады), 911.00, 912.00, 913.00).
Оның ішінде:
- Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі жойылды;
- Салық сомасы 1 млн теңгеден кем болған кезде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі жойылды;
- Арнаулы салық режимі және ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру жүзеге асырылады;
- Салық есептілігі белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, мұндай есептілігі «0»-дік көрсеткішпен ұсынылған болып есептеледі. Салық төлеуші осы салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсына алады;
- Салық есептілігін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жойылады;
- Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту мен кері қайтарып алу қарастырылмаған.
Барлық өзгерістер қосымша декларациялар арқылы жүзеге асырылады.
А.Ж.Сатыбалдиева,
«Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру» бөлімінің бас маманы



