Президент Жолдауында айтылған “Киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек” деген сөз - бүгінгі күннің өзекті мәселесіне дөп түсті.
Қазіргі таңда интернет кеңістігінде алаяқтық, ақпарат ұрлығы және фишинг сияқты киберқылмыстар жиілеп барады. Бұл тек жеке азаматтарға ғана емес, ел экономикасына да қауіп төндіреді. Сондықтан киберқауіпсіздік жүйесін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу, қажет болса, заңнаманы жаңарту - уақыт талабы.
Құқық қорғау органдарының қызметі де осы бағытта жаңаша тәсілдермен жұмыс істеуі тиіс. Заман көшіне ілесу үшін әр азаматтың цифрлық мәдениеті мен киберсауаттылығын арттыру маңызды. Президентіміздің осы бастамасы қауіпсіз болашақтың кепілі деп ойлаймын.
Айжан Қуатқызы, аудан тұрғыны


