1 қазан – халықаралық қарттар күні. Осы айтулы мейрамға орай «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Атырау облыстық филиалы үжымы №4 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қарияларына барып, арнайы көңіл бөліп қайтты.
Филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымының демеушілік етуімен персоналды дамыту басқармасы ұйымдастырған шарада аталған орталықтан қызмет алушы қарияларға ұжым атынан арнайы тәтті себеттер, сый-сияпаттар табысталды. Бүгінде бұл орталықта 106 қария бар. Олар ұйымдастырушылардың арнайы құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлағандарына дән разы болып, алғыстарын білдірді.
ХҚКО қызметкерлері қариялармен жүздесті
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 191