Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдаған әрбір қазақстандық жүрегінде үміт пен сенім ұялады десек қателеспейміз.
Жолдау – елдің бүгінгі тыныс-тіршілігін жақсартып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт сілтейтін құжат. Онда халықтың тұрмысын түзеу, жастарға жол ашу, ауылды дамыту сияқты елдің өзекті мәселелері кеңінен қозғалды.
Қарапайым халыққа ең алдымен күнделікті өмірге қатысты бастамалар маңызды. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, білім мен денсаулық саласына қолдау көрсетілуі – елге қажетті нақты қадамдар. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін жол, су, инфрақұрылым мәселелерінің шешілуі – үлкен қолдау. Бұл бастамалар жүзеге асса, ауылдың ажары кіріп, халықтың әл-ауқаты артады.
Жолдауда айтылған бастамалар қарапайым жұрттың күнделікті өміріне жақын әрі түсінікті. Сондықтан ел арасында үлкен қолдауға ие болып отыр.
Қала тұрғыны
Батыр Ақмолдаев