Президент Жолдауы — жай ғана ресми баяндама емес, бұл – елдің ертеңіне бағытталған нақты бағдар, болашаққа бастайтын шамшырақ.
Биылғы Жолдауда айтылған әр ойдың астарында халықтың қамы, елдің амандығы мен ұлттың бірлігі жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының басты өзегін – адам капиталында, еңбек пен білімде, әділетті қоғам құруда деп айқындады. Бұл – заманауи Қазақстанның жаңаша бетбұрысы.
Жолдаудағы әрбір бастама – ертеңгі күннің сенімді кепілі. Экономиканы әртараптандыру, ауылды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға жол ашу – бәрі де ел әлеуетін арттырудың нақты қадамдары.
Бұл құжаттан мемлекет пен халықтың арасына сенім көпірі салынғандай әсер аласың. Өйткені Жолдау – жай сөз емес, ол әрекетке, жаңаруға, серпінге үндейтін үндеу.
Ең бастысы, бұл Жолдау әр қазақстандыққа өз орнын, өз үлесін сезінуге мүмкіндік береді. Елдің ертеңін бірге жасауға шақырады. Бірлік бар жерде – береке бар, береке бар жерде – болашақ нық!
Қала тұрғыны Бекұлан Қайратұлы