Халыққа қызмет – мерейлі міндет

Қай ортада болмасын, өзінің күнделікті жүріс-тұрысынан бастап, әр айтқан сөзіне дейін ой-елегінен өткізіп барып әрекет ететін мамандық иелері – мемлекеттік қызметшілер. Аталған сала иелерінің бейнесі арқылы мемлекеттің халық алдындағы дәрежесі айқындалады. Халыққа көрсеткен лайықты қызметі бойынша кәсіби мамандар өз бағасын алады.

Аудан орталығы, Құлсары қаласында әртүрлі бағытта тұрғындардың өтініш-тілегі бойынша қызмет етіп, халықтың алғысын алып келе жатқан мемлекеттік қызметшілер аз емес. Ал олар халықпен дұрыс қарым-қатынас құрып, ашық сұхбаттаса білуді, сол арқылы көптің көңілінен шығуды кейінгілерге үлгі болар, ардагер мемлекеттік қызметшілерден үйренді десек артық айтпаған болар едік.
Мемлекеттік қызметтің жілігін шағып, майын ішкен ардагер мемлекеттік қызметшінің бірі – Жалмұрзиева Ханым Жалғасқызы. Ол 1947 жылы Қосшағылда дүниеге келген. 1972 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтын бітірген. 1964-2008 жылдары аралығанда Қосшағыл поселкесінде Мұнай өндіру операторы, кітапханашы, Кеңес атқару комитетінің хатшысы, аудандық хал актілерін тіркеу бюросы меңгерушісі болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол осы көрсетілген уақыт аралығында аудандық кітапханада бөлім меңгерушісі, Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарған.
Ханым Жалғасқызы өз саласына аса жауапты да беделді маман болды. Өзінің мемлекеттік қызметтегі жоғары дәрежелі еңбегі үшін, аудан экономикасының өркендеуі үшін қосқан үлесі мен маңдай тері үшін «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалінің иегері атанды.

Ш.ХАМИТОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521