«Лебяжье кен орнын салудың қоршаған ортаға әсерін бағалау» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жобада ұңғымалардың сағаларын салу, ұңғымадан жобаланатын шығу желілерін, операторлық және мұнай жинау пунктінің алаңдары мен кірме жолдарын салу қарастырылған.
Кен орнын салу 2 кезеңге жоспарланған. Жобалық шешімдерге сәйкес нысандар құрылысының ұзақтығы 2,5 айды құрайды.1 кезең бойынша осы жылдың соңына дейін, 2-кезеңі келесі жылға жоспарланған.
Қоғамдық тыңдауда Лебяжье кен орны аудан аумағына жататындығы айтылды. Бұл қаладан 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орнында атмосфераға азот, көміртек, күкірт диоксиді және метан өндіру екі кезең бойынша қарастырылған. Сонымен қатар құрылыс барысында ауыз су мен техникалық су қажет. Ұңғымаларды салу жобасын іске асыру процесінде күтілетін экологиялық әсердің жалпы деңгейін қоршаған ортадағы табиғи өзгерістер тізбегінен асатын төмен деп қабылдауға болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар тиісінше орындалған кезде нысанның экологиямызға теріс әсері болмайды деп болжануда. Жобаны іске асыру әлеуметтік-экономикалық салаға оң ықпал етеді делінді қоғамдық тыңдауда.
Қоғамдық тыңдауда онлайн жүйе арқылы Атырау облысының Экология департаментінің өкілдері сұрақ қойып, оған жобаға қатысушы мекеме өкілдері жауап берді.
Ж.ШАҢҚАНОВА
Фото ашық дерекөздерден алынды