Қазақстанның дамуы: 2025 жылғы Жолдау және жаңа мүмкіндіктер

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірінде маңызды серпіліс жасауға бағытталған стратегиялық бағдар ретінде бағаланады.

Жолдауда көрсетілген басты мақсат – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты күшейтіп, жаңа даму кезеңіне өту.

Президенттің хабарламасында ақпараттық және цифрлық технологияларды қолданысқа енгізу арқылы мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Жасанды интеллект пен автоматтандыру құралдарын қолдану арқасында мемлекеттік қызметтерді жылдамдату, экономикалық процестерді оңтайландыру және бизнесті қолдау мүмкіндігі кеңейеді. Бұл бағыт елдің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады.

Жаңа реформалар мен жобалар қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер етіп, Қазақстанның тұрақты және динамикалық даму жолына шығуына мүмкіндік береді.

Қала тұрғыны Дәметкен Махамбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT