Қазақстанда 2029 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысында демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

 

⚡️ Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін атап өтті. Бұл құжатта 7 бағыт бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

 

🛫 Ішкі туризмді насихаттау мақсатында балалар авиабилеттерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы Kids go Free қолданылады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 5,6 мыңнан астам бала тегін әуе сапарларының мүмкіндігін пайдаланды. 

 

✔️ Министрлік кәмелетке толмаған жолаушыларды алып жүруге құқығы бар тұлғалардың тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл тізімдегі қатысушыларды ұлғайтуға мүмкіндік береді.Биыл осы бағдарлама аясында 3 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

 

🔻 Жергілікті атқарушы органдармен және турбизнес субъектілерімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді насихаттау және дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

«Мысалы, Астана әкімдігі жыл сайын әр өңірден жиналған 1000-ға жуық баланы қамти отырып «Астана – Отанымның Елордасы» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Тур бағдарламасына тұру, тамақтану, ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру кіреді. Туристік қоғамдастықпен бірлесіп арнайы туристік маршруттар әзірленді. Ол мәдениет, тарих және дәстүрмен танысуға, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған»,

 — деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

 

📱 @KZgovernment

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT