2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі. Әлем елдері көшбасшылары қатысқан бұл жиында жаһандық тұрақсыздық, халықаралық қатынастардың шиеленісуі және бейбітшілікке төнген қатерлер негізгі тақырып болды.
Тоқаев халықаралық құқық нормаларын бұзу, мемлекеттердің шекараларын, егемендігін мойындамау сияқты тенденциялардың қауіпі туралы ескертті. Ол әлемдік тұрақтылық үшін мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасында сенім пен өзара құрмет болуы шарт екенін айтты.
Ұйымды реформалау, халықаралық құқықты сақтау және бейбіт дипломатияны дамыту – бүгінгі әлемнің басты қажеттілігі.
Қала тұрғыны
Салиха Зулқашева