Қауіпті құмарлық

Жасыратыны жоқ, елімізде соңғы жылдары лудомания, яғни құмар ойындарына тәуелділік қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналды.

Интернеттегі онлайн-ойындардың қолжетімділігі, букмекерлік кеңселердің көптігі, жарнаманың белең алуы – мұның бәрі құмарға құмартқан азаматтардың санын арттырып отыр. 

            Бүгінде лудомания тек экономикалық шығын ғана емес, тұтас отбасылардың тағдырына әсер ететін әлеуметтік дертке айналғаны анық. Құмар ойынға тәуелді болу көбіне қызығушылықтан басталады. Жылдам ақша табуға деген жалған сенім адамды тәуелділікке жетелеп, белгілі бір кезеңнен кейін ол психологиялық ауруға айналады. Психологтардың айтуынша, құмар ойынға әуестік адамның ойлау қабілетін өзгертеді: жеңілген сайын «тағы бір мүмкіндікті» пайдалануға деген ішкі құштарлық артып, адам санасы шынайылықты жоғалта бастайды. Бүгінде елімізде ойын бизнесін реттейтін заң болғанымен, оның айналасын толық бақылауда ұстау оңай емес. Букмекерлік кеңселердің онлайн форматы шектеулерді айналып өтуге жол ашады. Әсіресе жастар арасында букмекерлік ставкаларға қызығушылық жоғары. Әлеуметтік желілердегі жарнамалар, инфлюенсерлердің промо-роликтері де бұл үрдісті күшейтіп отыр. Соңғы деректер бойынша, құмар ойынға салынғандардың басым бөлігі — 18 бен 35 жас аралығындағы ер адамдар. Бірақ соңғы жылдары әйелдер мен жасөспірімдер арасында да бұл тәуелділік күшейіп келе жатқаны байқалады.

    Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT