Қастерлі күн – ұлт рухының жаңғыру символы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады» деген сөзі әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алады деп ойлаймын.

Өйткені Республика күні – жай ғана мемлекеттік мейрам емес, ол – ұлт ретінде қалыптасуымыздың, тәуелсіз мемлекет болуға деген ұмтылысымыздың бастауы.
Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Егемендік туралы декларация – қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманын шындыққа айналдырған тарихи шешім болды. Сол күннен бастап еліміз өз тағдырын өзі айқындайтын тәуелсіз елге айналды. Бұл – әр буын үшін мақтаныш, ал жас ұрпақ үшін үлгі.
Мен ұстаз ретінде оқушыларға осы күннің мәнін түсіндірген сайын, олардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің күшейгенін байқаймын. Тәуелсіздік – бізге дайын күйінде келген сый емес, ол ата-бабаларымыздың күрес пен ерлік арқылы жеткен қасиетті мұрасы. Сондықтан оны сақтау мен нығайту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
       Республика күні – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға шақыратын мереке. Бұл күн бізге елдік пен бірліктің, азаттық пен рухтың құнын ұғындырады.

Айдана Сағынғалиева,
бастауыш пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT