Кәсіпкерлер құқығы қорғалды

Облыс прокуратурасының мобильді тобы 19 кәсіпкерлік субъектесінің құқықтарын қорғады.

Мәселен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында құрылған мобильді топтың сенім телефонына «Мако» ЖШС-нің директорынан Жылыой ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы негізсіз камералдық бақылау орнатып, талдау жұмыстарын жүргізгені туралы хабарлама түсті. Басқармамен салық құжаттарының көшірмелерін алу үшін сұрау-хаттар жолданғаны анықталды.

Бұл жерде Басқарма кәсіпкерлік субъектілерінен аталған құжаттар көшірмелерін тек тексеру жүргізу кезінде ғана сұратуға құқылы еді. Прокуратура органдары жүргізген қадағалау жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдарымен «Мако» ЖШС-нен бөлек 18 кәсіпкерлік субъектісінен мәліметтер заңсыз сұратылғаны анықталды. Бұл дерек бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына аудан прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, кәсіпкерлік субъектілеріне жолданған сұрау-хаттардың күші жойылды.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521