Қарабатанда Конституция жобасын түсіндіру жөніндегі сараптамалық топ кездесу өткізді

2026 жылғы 23 ақпанда «Karabatan Utility Solutions» ЖШС еңбек ұжымының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру жөніндегі сараптамалық топпен кездесуі өтті. Кездесуге Сапанов Сайпулла Жұмабайұлы, Абдоллов Амангелді Аманиязұлы, Асқарқызы Ләззат және Шалабаева Нәсіп Хисметтоллақызы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Конституциясындағы негізгі өзгерістермен және әрбір азаматтың маңызды мемлекеттік шешім қабылдаудағы рөлімен таныстыру болды.
Жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық топпен кездесу барысында Серіктестік қызметкерлеріне Негізгі заңдағы барлық жаңашылдықтар мен 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды өткізу тәртібі түсіндірілді.
Кездесу жағымды атмосферада өтті, Серіктестік қызметкерлері конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын, олардың елдің одан әрі дамуы, демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру үшін маңызын оң қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT