Қар басу қаупі бар учаскелерде 70 мың ағаш қалқан орнатылды - ҚазАвтоЖол

АСТАНА. KAZINFORM - Қыс мезгілінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 70 мың тонна техникалық тұз, 113 мың текше метр құм, 170 мың текше метр қиыршық тас қалдығы және 1,3 мың тонна химиялық реагент әзірленді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 29 жаңа ангар, құм сақтайтын 60 шатыр және 24 модульдік ғимарат салынды. 

«Қар басу қаупі бар 2200 шақырым учаске анықталды. Осы учаскелерде тәуекелдердің алдын алу мақсатында 70 мың уақытша ағаш қалқандар орнатылып, қар қоршаулары жасалды», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, жол пайдаланушыларға тәулік бойы 1403 байланыс орталығы қызмет көрсетеді. 1403-ке хабарласып, республикалық автожолдардың жағдайы туралы кез келген ақпаратты алуға болады. Қыс мезгілінде жол жағдайы туралы өзекті ақпаратты Яндекс Карта, 2Гис және Indrive қосымшасы арқылы білуге болады.

- Көлік ағынын жедел басқару мақсатында қарқынды қозғалысқа ие автомагистральдарда ауа райының қолайсыз жағдайларында жылдамдық режимінің өзгеруі туралы жүргізушілерді хабардар ету үшін 72 дана айнымалы ақпараттық табло мен белгілер орнатылды, - делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT