Қайыршақтыдан шыққан қайсар ер

Кеңес Одағының Батыры – Қайырғали Смағұлов 1919 жылы 5 қыркүйекте Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қайыршақты ауылында дүниеге келген. Ол – Отан үшін от кешкен нағыз қаһарман. 

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында 318-ші атқыштар дивизиясының 1339-шы полкінде взвод командирі ретінде шайқасты. Кіші лейтенант Смағұлов Қырым түбегіндегі аса маңызды Керчь операциясына қатысып, жау шебіне десант құрамында басып кірді. Елтиген елді мекені үшін болған шайқаста ол взводын бастап, ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік шеберлігі мен батылдығының арқасында 20-ға жуық жау солдаты мен офицерін жойды.

Қайсар жауынгер взвод жауынгерлеріне рух беріп, шабуылда алдыңғы шепте болды. Оның ерлігі – өшпес өнеге, шексіз Отан сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі. Керчь түбегін азат ету жолындағы жанқияр ерлігі үшін Қайырғали Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұмытылмас ерлік. Мәңгілік даңқ.

Ерлан Тілекқабыл,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT