Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектігі бар жандарға төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1)«Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
2)«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
3)«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
4)«Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
5)«Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
6)«Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
7)«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
8)«Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
9)«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
10)«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»;
11)”Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру”.
Барлық мемлекеттік қызметтер тұрғылықты жері бойынша, өтініштер:
1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2)"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
3)Проактивті түрде (өтініш талап етілмей) беріледі.
Азаматтардан өтініш түскен кезде автоматты түрде “2 ай мерзім ішінде портал арқылы таңдау” қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі. Сондықтан, 2 ай мерзім ішінде таңдау жасалмаса өтініштер бұғатталуға жатады.
Сонымен қатар 2025 жылдың қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кейбір көмек түрлерімен қамтамасыз ету үшін өтініштерді қарау уақыты ұзартылған.
Атап айтсақ, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдары, жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтері. Өтініштерді келесі қаржы жылына ұзарту, мүгедектігі бар адамның өтінішінсіз мүгедектік мерзімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл тек былтырғы өтініштер орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Жалпы бұл жүйе азаматтардың уақытын үнемдеуге, қағазбастылықты азайтуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Л.Досжанова,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бас маманы