Кәріз суы тасуда

Жақында ғана пайдалануға берілген «Автожолшылар» ықшам- ауданындағы аурухананың кәрізі дұрыс жұмыс істемей ме? Бұлтуралы аудан тұрғындары әлеуметтік желідегі Телеграмм парақшада  «автожолшылар ықшамауданындағы кәріздің лас  суытасып, айналаға мұз болып қатып жатыр» деген хабарлама қалдырған.

Олардың айтуынша, құдығы ашық қалған кәріздің суы далаға ағып, төңіректі ластаған. Бұл - жаңадан бой көтерген аурухананың маңындағы жағдай. Бұрын да айтқанымыздай, әр құрылысы аяқталған ғимараттардан бір  «шикілік» табылатыны несі?

Тұрғындар әлеуметтік желіде жариялаған шағымға қатысты бұлжағдайдың анық-қанығын білмек болып аурухана басшылығына хабарластық.

-Дәретхана, септик қалдықтарын төгу, тазарту қызметтері «Бағалы ұсыныстарға сұраным» тәсілі арқылы өткізілді. Дара кәсіпкер «Жан Сұлтан» жеңімпаз деп танылып, мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасақталып, жыл басынан бері өз жұмыстарын бастады.

Көрсетіліп отырған кемшіліктерді болдырмау, дер кезінде өздеріне алған міндеттеріне сай кемшіліктерді жою жөнінде өз тарапымыздан бірнеше рет ескертілді. Қалдық төгетін шұңқыр  құдыққа бүгінгі таңда құлып салынып, аурухана күзетіне тапсырылды. Септик құдығыныңайналасына белгі қоршау қойылды.

Күнделікті аурухананың техникалық қызметкерлері тарапынан бақылауға алынып отыр. Әр сағат сайын тексертіп, бақылауда ұстап отырмыз,-деді орталық аурухана басшысының уақытша міндетін атқарушы Клара Ярқызы.

Тұрғындар тарапынан түскен шағымдар дер кезінде ескеріліп, олқылықтар жөнделді. «Сырт көз - сыншы» дегендей, мұндай кемшіліктер қала тұрғындарының назарына алдымен шалынады. Сондықтан қай салада болмасын, сапалы жұмыс көрсетуге тырысқан жөн-ау. Онсыз да ауданымыздың экологиясы сын көтермей тұрғанда ауамызды ластайтын мұндай жағдаяттардың орын алмағанын қалаймыз.

 

А.ТАУБАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521