Үй жағдайындағы қызметтер

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді.

Бұл ретте медициналық-әлеуметтік сараптамадан мүгедектік анықтаманың мерзімі аяқталған кезде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (МОЖБ) қайтадан тағайындалып, «үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетілсін» деген қорытынды бойынша жұмыс жүргізіледі.

Әлеуметтік қызметкерлер бес санаттағы азаматтарға тағайындалады. Ол, біріншіден, психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, жалғызбасты қарттарға және бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға тағайындалады. Осыған орай жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметкер тағайындайды.

Аумақтық орталықта екі бөлімше жұмыс атқарады: жалғызбасты қарттарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіндегі 56 қартқа, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіндегі 52 балаға барлығы 15 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әрбір әлеуметтік қызметкеріне 7-8 баладан немесе жалғызбасты қарттардан жүктелген. Бұл орайда орталық мамандарымен келесі қызмет түрлері көрсетілуде: әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, әлеуметтік-медициналық қызмет, әлеуметтік-психологиялық қызмет, әлеуметтік-педагогикалық қызмет, әлеуметтік- мәдени қызмет, әлеуметтік-экономикалық қызмет, әлеуметтік-құқықтық қызмет, әлеуметтік-еңбектік қызмет. Мәселен, психологиялық-әлеуметтік қызмет бойынша біздегі балалар бөлімшесінде ауыр диагнозбен қызмет алады. Мамандарымыз олардың ата-анасымен де жұмыс істейді. Баласы науқас болғандықтан депрессияға түсетіндері де бар. Солардың көңіл-күйін көтеру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіледі. Балаларының көңілін көтеруге, киімін ауыстыруға, жаз айларында таза ауада серуендетуге, өмірге тәрбиелеуге көмектеседі. Әр қызмет алушыға екі сағаттан, аптасына екі рет қызмет көрсетеді.

Қазір электрондық жүйеге көшуіне байланысты ол үшін ата-аналар ХҚКО арқылы электрондық кілт ашып, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қажетті құралдарын және әлеуметтік қызмет алуға тапсырыс бере алады. Жергілікті атқарушы органның шешімі шыққаннан кейін қызмет алушыға әлеуметтік қызметкер бөлінеді. Жеке жоспары бекітіліп, арнайы жұмыс кестесі жасалады. Күнделікті қандай жүмыстар атқаратыны белгіленеді. Айына бір рет бөлім басшылары сараптама жасап отырады. Әлеуметтік «Инватакси» аудан аумағындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған, арбада отырған 1, 2 топтағы мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға және арбада отырған жалғызбасты қарттарға қызмет етеді. Олар үшін төмендегі мекемелерге әлеуметтік қызмет ұсынылады: жергілікті өқілетті және атқарушы органдарға, құқықтық-атқару органдарға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени ойын-сауық шараларына, спорт ғимараттарына, медициналық мекемелерге, миграциялық мекемелерге,т.б. Ал «Инватаксиге» тапсырыс алу-беру, жоспар-кесте құру, кесте бойынша аптадағы жұмыс күндерінде қажетті жерге апару, әкелу қызметін орындау мүмкіндігі шектеулі балалар бөлімшесіне жүктеледі. Бұл ретте тапсырыс берушіге төмендегідей құжаттар қажет: жеке куәлігі, мекен-жайы, телефоны, сыртқы есігінің коды, МӘСК қорытындысының номері, уақыты, мүгедектік тобы.

Орталық басшылары, әлеуметтік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «SKILLS.ENBEK.KZ» арнаулы әлеуметтік қызметтер оқыту модульдерінен өтіп, сертификаттарын алып, «Socium» программасы бойынша электрондық жүйеге көшіп, жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жоспарлы түрде мерекелік іс-шаралар, туған күндер, қайырымдылық акциялары өткізіліп, инстаграм парақшасына (@kulsary_ortalyk) жарияланып тұрады. Бұл ретте біздің мекен-жайымыздың Құлсары қаласы, «Барлаушы» ықшам ауданы, №1үй (ескі №21 мектеп ғимараты) орналасқанын еске саламыз. Сауалдар туындаса, 3-60-55 байланыс телефонына хабарласуға болады.

Гүлмира Наурызбаева,

нұсқаушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT