Жылыойда "Іскер ана" жобасы аясында 50 адам кәсіп меңгерді

Жылыойда көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарды іскерлікке тарту мақсатында "Іскер ана" жобасы іске қосылған болатын.

"Іскер Ана" жобасы аясында жылыойлық 50 ана тігінші, аспазшы, маникюр, массаж, SMM сынды қысқа мерзімдік оқуды аяқтап шықты.

Жаңа кәсіп түрін игерген аналарды Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров құттықтады.

"Іскер Ана" жобасына қатысушы аналарға Жылыой ауданы әкімі орынбасары атынан Алғыс хаттармен, қысқамерзімдік оқуды аяқтағаны жөніндегі сертификаттар табысталды.

6a76c845-46df-44f6-b481-5b90ddc0e530

d2df2d90-f9f7-4467-a4e2-27ca397e5812

Сондай-ақ, оқытушылардың ұсынысына сәйкес, грант иелері атанған 10 анаға өз кәсіптерін жалғастыру үшін қажетті тұрмыстық құрал-жабдықтар табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT