Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздің инвестициялық саясатын түбегейлі жаңғырту қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы айтқан «инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті» деген сөз Қазақстанның алдағы экономикалық бағыты қандай болатынын айқын көрсетеді. Оған ел басшысының «Президенттің Ұлттық қорды тек жинақ құралы емес, ел ішіндегі болашағы зор жобаларды қаржыландыратын тұрақты даму институтына айналдыру жөніндегі ұсынысы өте орынды. Бұл – экономиканы әртараптандырып, жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік беретін бағыт. Алайда мұнда ең маңыздысы – әр теңгені тиімді жұмсау. Шын мәнінде, ақшаны тексерілген, тәуекелі төмен, қайта өтелуі жоғары жобаларға бөлу қажет» дегені айғақ.
Иә, жаһандық тәжірибесі бар мамандардың қатысуы Ұлттық қор қаражатының тиімділігін арттырып, инвестициялық процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қателікке жол бермеу үшін сыртқы кәсіби сарапшылардың көмегі аса қажет. Бұл біздің өз мамандарымызды да оқытып, жаңа деңгейге көтереді. Президенттің экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы тапсырмасы да қоғамда қызу талқылануда. «Бүгінде әлемдік экономиканың негізгі драйверлері – жасанды интеллект, биотехнология, жасыл энергетика және цифрлық өндіріс. Қазақстан дәл осы салаларға инвестиция тарта алса, біз тек шикізат емес, жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіретін мемлекетке айналамыз», – дейді ол. Ең бастысы – осы бастамалардың барлығы ашық, жүйелі және нақты индикаторларға сүйене отырып іске асса, Қазақстанның инвестициялық келбеті түбегейлі жаңарады. Президенттің ұсыныстары – соның алғашқы қадамы.
Ж.Дюсупова,
Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы


