Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ел дамуының жаңа экономикалық бағыты айқын көрініс тапты. Мемлекет басшысы инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталып, қазіргі жаһандық бәсеке жағдайында жаңа инвестициялық кезеңді бастаудың маңыздылығын нақты атап өтті.
Бүгінгі таңда елімізге тартылып жатқан инвестициялардың басым бөлігі шикізат салаларына бағытталуда. Бұл – экономиканың тұрақтылығы үшін қажет қадам болғанымен, Президент атап өткендей, қазіргі басты міндет – өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялы өндірістерді дамыту. Осы бағытта Үкіметтің инвестициялық саясатты қайта қарап, басымдықтарды нақты белгілеуі уақыт талабы.
Жолдауда жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдіктер беру, мемлекет пен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей қолдау көрсету қажеттігі ерекше аталды. Сонымен қатар, ірі инвесторлармен ғана емес, орта және шағын инвесторлармен де жүйелі әрі тығыз жұмыс жүргізу керектігі маңызды міндет ретінде белгіленді.
Молдабай Абуов



