Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің әлеуметтік-экономикалық даму туралы брифингінде айтылған мәліметтер өңір тұрғындары үшін үлкен үміт сыйлап отыр. Құны 104 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы – облыс экономикасы үшін нақты серпін.
Ең бастысы, осы жобалардың нәтижесінде 1320 жаңа жұмыс орны ашылатыны – қарапайым халық үшін аса маңызды көрсеткіш. Бұл көптеген отбасылардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне, жастардың туған өлкесінде еңбек етуіне мүмкіндік береді. Atyrauchiken құс фабрикасы мен BKM Atyrau вагон дөңгелектерін жөндеу шеберханасы сияқты өндіріс орындарының іске қосылуы өңірдің өндірістік әлеуетін күшейтетіні сөзсіз.
Мұндай жобалар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін де қажет. Жаңа кәсіпорындар салық түсімін арттырып, инфрақұрылымның дамуына да оң әсер етеді.
Қорытындылай келе, өңірге тартылып жатқан инвестиция – Атыраудың ертеңіне салынған нық қадам. Осындай нақты істер халықтың билікке деген сенімін арттырады деп сенемін.
Айгүл Жексенбаева



