Инвестиция - идеяға салынған сенім

Президент Жолдауында инвестиция тарту мәселесіне айрықша назар аударылды. Көпшілік үшін инвестиция – тек қаржы құю, зауыт-фабрика салу сияқты көрінеді. Алайда шын мәнінде, инвестиция – ол идеяға, болашаққа, адам капиталына жасалған сенім.

 Қазақстанға құйылған әрбір инвестиция – тек экономикалық өсім емес, жаңа мәдениет, жаңа тәжірибе әкеледі. Шетелдік капитал мен озық технологияны тарта отырып, біз өзіміздің ішкі нарықтағы жас кәсіпкерлерге де жол ашамыз. Өйткені инвестиция – тек ақша емес, ол – білім, инновация, серіктестік.

Ең бастысы, инвестиция – елдің тұрақтылығына деген әлемдік сенімнің көрінісі. Егер шетелдік инвестор Қазақстанды таңдаса, бұл біздің мемлекеттің қауіпсіз, сенімді, болашағы бар екенінің дәлелі.

Жолдауда айтылған инвестициялық климатты жақсарту бастамалары – тек бүгінге емес, келер ұрпақтың ертеңіне жасалған қадам.
 Қала тұрғыны 
                                                       Аманқос Айтбаев 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT