Инвестиция – ел дамуының басты тірегі

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел экономикасының келешегін айқындайтын маңызды бағыттардың бірі – инвестиция саясатына арнайы тоқталды. Бүгінгі таңда әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейіп тұрған шақта, Қазақстан үшін жаңа инвестициялық кезеңді бастау – уақыт талабынан туындаған шешім.

Президент қазіргі инвестиция тарту саясатына сыни тұрғыда қарап, оның әлі де мардымсыз екенін ашық айтты. Расында, шетелдік қаржының басым бөлігі шикізат саласына бағытталып отыр. Бұл – экономиканы белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін қажет қадам. Алайда ел болашағы тек шикізатқа тәуелді болмауы тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне, жоғары технологияларға басымдық беру жөніндегі тапсырмасы – стратегиялық тұрғыдан өте дұрыс әрі дер кезінде көтерілген мәселе.

 Инвестиция тек ірі жобалармен немесе ірі инвесторлармен ғана шектелмеуі керек. Президент атап өткендей, орта және шағын инвесторларға да кең жол ашу – экономиканың тірі тамырын жандандырудың бірден-бір жолы. Себебі шағын және орта бизнес – жұмыс орындарының, ішкі өндірістің, бәсекелестіктің негізгі қозғаушы күші.

Сондай-ақ Жолдауда көтерілген «инвестицияға тапсырыс» мәселесі де аса өзекті. Қаражат нақты сұранысқа, нақты өндіріс қажеттілігіне сай бағытталуы тиіс. Бұл – бейберекет қаржы жұмсауға емес, нәтижелі, ұзақ мерзімді экономикалық өсімге жол ашады.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының инвестиция саясатына қатысты бұл бастамалары ел экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық өндірісті күшейтуге және Қазақстанды технологиялық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам деп бағалауға болады. Ендігі басты міндет – осы тапсырмалардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүйелі түрде жүзеге асуы.

Лариса Бекеева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT