Президент жолдауында айтылған “Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту қажет” деген сөз ел экономикасы мен ұлттық қауіпсіздіктің өзегіне айналған мәселе.
Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде шетелдік өнімдердің көптігі көзге ұрып тұрады. Ал өзіміздің дәмі бөлек, сапасы жоғары ұлттық тағамдарымыздың үлесі аз. Бұл жағдай нарық мәселесі елдің азық-түлік тәуелсіздігі мен ауыл шаруашылығының даму деңгейін көрсетеді. Өзіміздің ұлттық өнімді қолдайық, тиімді нарық бағасына жетейік.
Нұржан Сағындықұлы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері


