Газ-химия саласын дамыту индустриялық өсімнің берік негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында газ-химия саласын дамытуға айрықша мән берді. Атап айтқанда, Атырау облысында ірі газ-химия кешенінің құрылысының басталуы және Павлодар өңірінде сұйытылған газды терең өңдеуге арналған жобаның қолға алынуы – ел экономикасын әртараптандыру жолындағы маңызды қадам.

Президент бұл кәсіпорындардың дер кезінде іске қосылуын қамтамасыз ету қажеттігін нақты атап өтті. Себебі мұндай жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттырып, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге жол ашады.

Сонымен қатар, Жолдауда ілеспе газ бен сұйытылған мұнай газын тиімді пайдалану мәселесін түбегейлі қайта қарау қажеттігі көтерілді. Бұл ресурстарды толыққанды экономикалық айналымға енгізу – инвесторлар үшін тұрақты әрі сенімді шикізат базасын қалыптастырудың басты шарты.

Қазіргі таңда инвесторлар газ шикізатының тапшылығына тап болып отырғаны жасырын емес. Осыған байланысты Мемлекет басшысы инвесторларды ұзақ мерзім бойы газбен қамтамасыз етуге нақты кепілдік беретін жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттігін алға қойды. Бұл қадам еліміздің газ-химия саласына деген инвестициялық тартымдылығын арттырып, ірі өндірістік жобалардың табысты іске асуына мүмкіндік береді.

Анарбек Құлбеков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT